Қазақстан мен Эстония қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіруде

429
Фотосурет: Gov

Эстония Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Эстония Республикасының Климат министрлігі арасында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Меморандум орман шаруашылығын басқару және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту салаларында тәжірибе алмасуды, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша өзара іс-қимылды, орман экожүйесін мониторингтеу және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі бірлескен зерттеу бастамалары мен жобаларын іске асыруды, сондай-ақ Париж келісімімен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының ұзақ мерзімді мқсаттарына қол жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесулерді өткізуді және өзара қызығушылық тудыратын басқа да ынтымақтастық бағыттарын қарастырады.

Меморандум Қазақстан мен Эстония арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық бағыттардағы бірлескен жұмысты нығайтуға негіз қалайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -