Қазақстан атом саласы үшін мамандар даярлаудағы МИФИ-дің үлесін жоғары бағалады

1089
Фотосурет: MFA

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченко II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Марапатты тапсыра отырып, ҚР РФ Елшісі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ЖОО басшысы Қазақстанның ғылыми саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін жоғары марапатқа ие болғанын атап өтті. Елші қазіргі уақытта МИФИ-де Қазақстаннан 398 студент оқитынын, ал оның қазақстандық филиалында 150 адам білім алып жатқанын еске салды, ол елдеріміз арасындағы достық көпірі екені сөзсіз.

Өз кезегінде Владимир Шевченко ҚР басшылығына жоғары награда үшін ризашылығын білдіріп, екі мемлекеттің ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастығын дамыту және нығайту үшін бұдан әрі де қызмет ететінін атап өтті. Оның айтуынша, МИФИ-дің шетелдік студенттері ішінде қазақстандықтар бірінші орында, ал Алматыда ашылған ЖОО филиалы Республикадағы алғашқы атом электр станциясы үшін мамандар даярлауға үлкен үлес қосады. «Бұл орден – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың белгісі, болашақта үлкен жетістіктеріміз көп», – деп атап өтті ол.

31 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ Ректоры Владимир Шевченконы қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы ядролық энергетиканың Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Достық» ордені - Қазақстан Республикасының жоғары марапаттарының бірі, онымен қоғамдағы татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -