Астанада «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астанада «Шабыт» XXVIII халықаралық шығармашыл жастар конкурсының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биыл конкурсқа еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден 800-ден астам жас талант қатысты.

«Шабыт» конкурсы – дарынды жастарды қолдауға, олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға және халықаралық мәдени байланыстарды кеңейтуге бағытталған елдегі ең ірі шығармашылық алаңдардың бірі.
Халықаралық қазылар алқасының құрамына Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген танымал музыканттар, мәдениет қайраткерлері және сала сарапшылары енді.

Фестиваль аясында қатысушылар байқау кезеңдерінен өтіп, тыңдаулар мен іріктеу турларына қатысты, отандық және шетелдік мамандардың лекцияларын тыңдады, шығармашылық зертханаларда жұмыс істеді, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарламаларға қатысты.

2025 жылы ұйымдастырушылар қатысушылар үшін арнайы білім беру бағдарламасын ұсынды. Бір апта бойы жас орындаушылар танымал композиторлар мен әртістердің шеберлік сабақтарына қатысып, визуалды өнер саласындағы шығармашылық зертханаларда жұмыс істеді.

Мұндай формат оларға танымал шеберлерден тікелей кеңес алып, кәсіби дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік берді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырды.

«Шабыт — 2025» конкурсының жеңімпаздары
Камералық хор:
Гран-при: Татарстан Республикасының Мемлекеттік камералық хоры
І орын: Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры
ІІ орын: К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Аралас хор» ұжымы
ІІІ орын: «Алатау» жастар хоры.
Хор дирижёры:
Гран-при: Дәурен Мусин
І орын: Ержан Сансызбай
ІІ орын: Алмат Есімханов
ІІІ орын: Джан Джиан
Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік:
Гран-при: Фируза Рахметова, Аяжан Шынболат
І орын: Ләйлә Аламанова, Динара Абдрахманова
ІІ орын: Нұрсезім Саматқызы, Нұрсұлтан Омаразғы
ІІІ орын: Бекұлан Ерболатұлы, Досым Ұлтарақов
Камералық музыка:
Гран-при: Ақбике Алғи, Ілияс Өзбеков
І орын: Әлия Жақпарова, Жәния Болатова
ІІ орын: Нүркен Ақбергенов, Дияр Бабаев
ІІІ орын: Әсия Нүржігітова, Айя Ғаббасова, Жанар Абдрахманова, Нұрисламбек Жұматов
Фольклорлық ансамбль:
Гран-при: «Тарлан» этноансамблі
І орын: «Түркістан» ансамблі
ІІ орын: «Достық сазы» фольклорлық ансамблі
ІІІ орын: «Тарту» фольклорлық ансамблі
Эстрадалық вокал:
Гран-при: Moonaisun триосы
І орын: MIYA3 триосы
ІІ орын: Altyn ùn триосы
ІІІ орын: «Эстрада» триосы
Бейнелеу өнері:
І орын: Әлішер Жүргенов
ІІ орын: Людмила Айтуарова
ІІІ орын: Ристыгүл Күшерова
Поэзия:
Гран-при: Дәурен Тілеухан
І орын: Жеңісұлы Оразай, Дильда Уәлибекова
ІІ орын: Еламан Қабдилашим, Шапағат Әбдір
ІІІ орын: Айзада Рахымжанова, Серғазы Қайырболды
Креатив бағыт:
Гран-при: Қамза Бөкейхан
І орын: Никита Пивторак, Мадина Мусина
ІІ орын: Әлия Ерғали
ІІІ орын: Карина Оспанова, Айдана Құлұшпаева, Ақнұр Ахметғали.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың белсенділігі, жоғары бәсекелестік пен өнер көрсетудің деңгейі «Шабыт» конкурсының Қазақстандағы шығармашыл буын үшін маңызды платформа болып қала беретінін дәлелдейді.

