Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті Астанаға жасаған мемлекеттік сапары аясында қарсы алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астананың халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды құрметті қарауыл ротасы салтанатты түрде қарсы алды.

Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.
