Астана Балет пен Berlin Ballet Company ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1166
Фотосурет: Астана Балет

«Астана Балет» театры Berlin Ballet Company компаниясымен шығармашылық ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылғаны туралы хабарлайды. Бұл халықаралық тәжірибе алмасулар, бірлескен жобалар және қазақстандық балетті әлемдік кәсіби қоғамдастыққа интеграциялау үшін орасан мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл құжат Freedom FESTIVAL IV аясында жүзеге асырыла бастаған театрлар арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы қисынды қадам болды. «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі фестиваль бағдарламасына қатысып, театрдың халықаралық ынтымақтастыққа және шығармашылық көкжиегін кеңейтуге ашық екенін көрсетті.

21-23 қараша аралығында өткен фестиваль аясында «Астана Балет» театрының көрермені American Ballet Theatre примасы Хлоя Миссельдин мен Staatsballett Berlin премьері Мартин тен Кортенаардың қатысуымен «Пахита» балетін тамашалады. Екінші бөлімде Қазақстанда алғаш рет Berlin Ballet Company компаниясының CHOREO Х бағдарламасы – Марко Гекке, Начо Дуато, Анжелен Прельжокаж, Аршак Галумян және басқа да танымал хореографтардың таңдаулы инновациялық қойылымдары көрсетілді.

«Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің фестиваль бағдарламасына қатысуы екі компанияның болашақ жобаларын іске асырудағы алғашқы қадамдарының біріне айналды. Яғни, қол қойылған меморандумның арқасында нығайтылатын өзара іс-қимылдың іс жүзіндегі үлгісі іспетті.

Фестиваль сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанның атынан Халықаралық арт-сахнада өнер көрсететін суретші Азиза Шаденнің бейне инсталляциясы ұсынылған көркемдік бағдарламамен ұштасты. Бұхара биенналесінде бұған дейін паш етілген жұмыс алғаш рет елордада «Астана Балет» қабырғасында көрсетілді. Фестивальді ұйымдастырушы Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық холдингі.

Berlin Ballet Company компаниясымен меморандумға қол қойылуы халықаралық әріптестікті нығайту, бірлескен жобаларды дамыту, тәжірибе алмасу және әлемдік балет мектептері арасындағы диалогты қолдау бағытындағы «Астана Балет» ұмтылысын растайды. Театр әртістердің кәсіби өсуіне және жаңа халықаралық бастамалардың пайда болуына мүмкіндік туғызатын жаһандық шығармашылық платформа ретіндегі рөлін нығайтуды жалғастырып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -