Қазақстанның жас таланттары халықаралық деңгейде мойындалды

1320
Фотосурет: Gov

Жас қазақстандық дарындар Мәскеуде гран-при иегерлері атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Мәскеуде балалар мен жастардың шығармашылық дамуына арналған «КТК-дарынды балаларға» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр.

ktk_talant

Биыл фестивальге Қазақстан атынан Ақтауда өткен «Jas tolqyn» жас байқаудың Гран-при иегерлері қатысып, елдің мәдени және өнер әлеуетін халықаралық деңгейде таныстырды.

ktk_talant

ktk_talant

Фестиваль жас қатысушылар үшін үлкен сахналық мүмкіндікпен қатар маңызды білім беру алаңына айналды. Бағдарлама аясында балалар Қазақстан мен Ресейдің танымал мәдениет қайраткерлерінен шеберлік сабақтарын алып, Мәскеудің тарихи және заманауи көрікті орындарын аралап, екі елдің әр өңірінен келген құрдастарымен тәжірибе алмасу ортасына енді. Іс-шараға Астрахань, Элиста, Краснодар, Новороссийск қалаларынан және Қазақстанның Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлерінен келген жас өнерпаздар қатысты.

ktk_talant

ktk_talant

30 қарашада Қазақстан жеңімпаздарының жеке концерті ВДНХ кешенінің Қазақстанның ұлттық павильонында өтті. Жас орындаушылар ұлттық рухы терең сезілетін аспаптық, вокалдық және хореографиялық қойылымдарын ұсынып, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Қонақтар балалардың сахналық дайындығын, қойылымдардың мәнерлігін және орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады. Бұл кеш екі ел арасындағы мәдени байланыс пен шығармашылық диалогтың әсерлі көрінісіне айналды.

ktk_talant

1 желтоқсанда Қазақстан делегациясы «КҚК-дарынды балаларға» фестивалінің басты гала-концерт сахнасына шығып, үлкен халықаралық бағдарламаға қатысты. Қазақстандық қойылымдар фестивальдің негізгі бөліміне енгізіліп, көп мыңдық аудиторияға таныстырылды.

«КҚК–Қазақстан» АҚ-ның қайырымдылық бағдарламалары аясында біз Батыс Қазақстан өңірлеріндегі дарынды балаларға арналған «Jas Tolqyn» байқауын алты жыл бойы өткізіп келеміз. Дәстүрлі түрде маусым айында анықталатын Гран-при иегерлері биыл «КҚК – дарынды балаларға» халықаралық фестивалінің сахнасында Қазақстанның атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

ktk_talant

Біз әдеттегідей, қазақстандықтар мен ел қонақтары үшін ВДНХ кешенінің Қазақстан ұлттық павильоны арнайы концерт ұйымдастырамыз. Бұл шара жыл сайын көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырып, билет сатылымы бойынша тұрақты түрде аншлагпен өтеді. Көптеген балалар үшін бұл - олардың өміріндегі алғашқы халықаралық сапар, ал көбісі үшін ең алғаш рет ұшақпен саяхаттау тәжірибесі.

Фестиваль аясында Ресейдің әр өңірінен келген өздері сияқты шығармашыл құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы да балалардың дамуына қуатты серпін беріп, өмірлік әрі шығармашылық жолда жаңа мотивация сыйлайды», - деп атап өтті КҚК-Қазақстан Үкіметпен байланыс жөніндегі Бас директордың орынбасары Қайыргелді Қабылдин.

Фестиваль қорытындысы бойынша қазақстандық балалар келесі аталымдарда үздік деп танылды:

Аспаптық ансамбль номинациясы бойынша «Шашу» ансамблі Гран-при иеленді. Халық әні, жеке орындау аталымы бойынша басты жүлдені жас әнші Айым Гелманова иеленді. Би өнері, жеке орындау жанры бойынша Гран-при Ульяна Ефремова жеңіп алды.

Фестивальдің бірінші орындары:

Эстрадалық вокал (9-11 жас) аталымында әнші Айсұлу Мүрсін үздік деп танылды. Халықтық аспап, баянмен жеке орындау жанрында Ахмет Нұрпейіс жеңіске жетті. Халық әні, ансамбльдік орындау номинациясында «Жас Қыран» тобы жеңімпаз атанды. Әлеуметтік бейнеролик аталымы бойынша Айша Серік бірінші орынға ие болды.

Жүлделі екінші орын алғандар:

Аспаптық классика жанрында саксофоншы Сейіт Адім жүлдегер атанды. Ансамбльдік би өнері номинациясында «Сымбат» тобы жоғары бағаланды. Эстрадалық вокал (12–14 жас) аталымында Арнұр Жұбанов екінші орынды жеңіп алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -