Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады

1243
Фотосурет: ҚР ҚМ

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады.

Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған. 

Мемлекет басшысы Президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -