«GULDER» ансамблі Малайзиядағы фестивальде сәтті өнер көрсетті

1210
Фотосурет: Gov

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «GULDER» ансамблі Малайзияда өткен «ASEAN 2025» халықаралық музыкалық-мәдени фестивалі аясында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ансамбль дәстүрлі және заманауи хореографиялық бағыттарды үйлестірген мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұжым «Аққу», «Асатаяқ», «Қуаныш думан», «Қарлығаш», «Дайрабай», «Қараторғай», «Тоқымқағар», «Қорқыт» хореографиялық қойылымдарын, сондай-ақ Малайзия, Моңғолия және Қытай халықтарының билерін орындады. Сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары мен «GULDER» ансамблінің жетекші әртістері өнер көрсетті.

Мәдени диалог пен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болған концертті әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден астам көрермен тамашалады. Кейінгі үш жылда ансамбль Швеция, Франция, Германия, Латвия, Қытай және Түркия елдеріндегі беделді сахналарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -