Анкарада ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен шаралар талқылануда

1166
Фотосурет: Gov

Анкарада Түркі мемлекеттеріндегі жалған ақпаратпен күрес тақырыбына арналған форум өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Анкарада Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан өкілдерінің қатысуымен Түркі мемлекеттеріндегі жалған ақпаратпен күрес тақырыбына арналған форум өтуде.

Форумның мақсаты – ақпараттық саясатқа жауапты мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдерін, академиялық қауымдастықты, коммуникация саласындағы сарапшылар мен журналистерді біріктіре отырып, түркі елдері арасында тиімді коммуникациялық платформа құру және жалған ақпаратпен күрес бойынша ынтымақтастықты нығайту.

Аталмыш форум Түркі мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайта отырырып, цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін пайдалануға сеп болатын ауқымды алаңға айналуды мақсат етеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстан жалған ақпаратпен күрес бағытында Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты қолдайтынын атап өтті. Себебі елдер арасындағы тіл мен мәдени жақындық ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастырады.

Мемлекет Қазақстандағы жалған ақпаратпен күрес шараларын ұдайы назарда ұстайды. Бұл мәселені Президент бірнеше рет маңызды басымдық ретінде атап өтті.

Сондай-ақ форум аясында Қанат Ысқақовтың Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуранмен кездесуі өтті.
Жиын барысында ақпараттық ортадағы екіжақты ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Форум по борьбе с дезинфомацией тюркских государств проходит в Анкаре

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -