Гуанчжоу телеарнасы Қазақстан туралы тревел-жоба дайындауда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Гуанчжоу радио және теледидары Қазақстан аумағында «Make Friends in the Silk Road» халықаралық жобасының түсірілімін қолға алды. Бағдарлама Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және мәдени байланыстарды дамытуға арналған және деректі тревел-шоу форматында ұсынылады.

Жоба цифрлық платформаларда кең халықаралық танымалдыққа ие болған және миллиондаған аудитория жинаған «Гонконг жастары шекара маңындағы қалаларда» деректі туындының жалғасына айналады.
Жобаға қатысушылар - екі елден келген жас блогерлер. Олар жеке тәжірибесі арқылы көрермендерді Қазақстан мен Қытайдың туристік әлеуетімен, мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі жастарының құндылықтарымен таныстырады.
«Биыл біз Қытайдың ең ірі мегаполистерінің бірі – Гуанчжоумен туристік ынтымақтастықты нығайттық. Екі елдің туроператорлары арасында b2b-кездесулер өтті, ҚХР туристік индустриясы өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастырылды, Air Astana әуе компаниясы Гуанчжоу-Алматы тікелей әуе рейсін ашты. Біздің ҚХР нарығындағы жүйелі жұмысымыз тұрақты өсімді көрсетуде. Биылғы 11 айда Қазақстанға аспан асты елінен келушілер қатары 876 мыңнан асты. Өткен бір жылда бұл көрсеткіш 655 мың адамды құраған еді. Мұндай жобалар Қазақстанның Азиядағы негізгі туристік нарықтардың бірінде қатысу деңгейін кеңейтуге мүмкіндік береді» «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы

Қазақстандағы түсірілімдер Алматы мен Астананың негізгі туристік және мәдени локацияларын қамтиды. Оңтүстік астанада шығармашылық топ қалалық ортамен, гастрономиялық мәдениетпен танысып, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына барды. Астанада жоба шетелдік аудиторияға елорданың заманауи сәулеттік келбетін, қаланың серпінді дамуы мен инфрақұрылымын таныстырады.
Тележоба Гуанчжоу теледидарында және GBA Life Style медиахолдингінің халықаралық парақшаларында көрсетіледі.
