Тоқаев Куба халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

1100
Фотосурет: E. Huybrechts

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -