Николас Мадуроның ұсталу операциясы - АҚШ не айтты және не белгілі

4235
Жан Арыстанұлы Редактор

Соңғы күндері әлем баспасөзі ең көп талқылаған тақырыптардың бірі - АҚШ-тың Венесуэла президенті Николас Мадуроны қолға түсіргені. Америкалық тарап бұл операция ұзақ уақыт дайындалғанын және соңғы жылдардағы ең ауқымды науқандардың бірі болғанын айтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиғалар қалай өрбіді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен бірқатар шенеуніктердің айтуынша, Мадуро таңертең ерте ұсталған.

Anna Moneymaker/Getty; Donald J. Trump/truthsocial

Оны және жұбайы Силия Флореске Каракастағы резиденциясында операция жүргізілген.

Америкалық БАҚ мәліметінше:

  • арнайы жасақтар қатысқан
  • авиация мен дрондар қолданылған
  • нысаналар алдын ала бақылауда болған

Жоғары деңгейдегі шенеуніктер операцияны Вашингтоннан үйлестіргені айтылады.

JIM WATSON| AFP

Дайындыққа кімдер қатысқан

БАҚ деректеріне сәйкес, дайындыққа:

  • Мемлекеттік департамент
  • Пентагон
  • барлау құрылымдары қатысқан.

АҚШ тарапы Венесуэла үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, спутниктік барлау пайдаланғаны айтылады.

Бұл ақпараттың бір бөлігі ресми түрде расталған жоқ.

U.S. Delta Forces

Операция қалай өтті

Америкалық дереккөздер операция бірнеше сағатқа созылғанын айтады.

Олардың нұсқасы бойынша:

  • Мадуро жасырынуға тырысқан
  • аудан толықтай қоршауға алынған
  • атыс-шабыс болған

CNN дерегі бойынша, бірнеше америкалық әскери жарақат алған, бірақ өміріне қауіп болмаған.

Ұсталудан кейін Мадуро мен жұбайы елден шығарылып, АҚШ-та сотталуы мүмкін.

АҚШ не дейді

Вашингтон операцияны сәтті өтті деп бағалайды.

Дональд Трамп мәлімдеді:

  • америкалық әскерилер қаза таппаған
  • операция «ең әсерлі» әскери демонстрациялардың бірі болған

Госсекретарь Март Рубио Мадуроны жағдайды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермеді деп айыптады.

Неліктен Мадуро іздеуде болды

Николас Мадуроға қатысты:

  • есірткі айналымы
  • қаражатты заңдастыру

бойынша айыптаулар болған.

АҚШ оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 50 млн доллар уәде еткен.

Dario Leone

Венесуэланың реакциясы

Вице-президент Дельси Родригес:

  • Мадуроның қайда екені белгісіз екенін
  • оның тірі екеніне дәлел талап еткенін

хабарлады.

Кейін әлеуметтік желіде Мадуроның кісенде тұрған суреті пайда болды.

Не болады

Бұдан кейін сот процесі күтіледі.

Сарапшылардың пікірінше:

  • саяси кернеу күшеюі мүмкін
  • Венесуэлада тұрақсыздық қаупі бар
  • аймақтың геосаяси жағдайы өзгеруі ықтимал

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -