Тоқаев Қазақстан мен Мьянма арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті

2871
Фотосурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысы Мьянма Одағы Республикасы Президентінің міндетін атқарушы мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Нейпьидо арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықтың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнның жауапты қызметіне толағай табыс, Мьянма халқына құт-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -