Әлемді он жылға жуық уақыт бойы баурап келген «Оғаш дүниелер» сериалы өз мәресіне жетті. Ал культтік жобаның финалын ерекше форматта атап өтуді қалаған жанкүйерлер үшін Samsung Electronics пен Netflix арнайы тосынсый дайындады, деп хабарлайды DKNews.kz.
12 қаңтардан бастап Қазақстанды қоса алғанда, 186 елдегі Samsung Galaxy қолданушылары сериалға арналған эксклюзивті тақырып пен обойларды Galaxy Store арқылы тегін жүктей алады. Ұсыныс Netflix қосымшасын жүктеген немесе іске қосқан қолданушылар үшін шектеулі уақытқа қолжетімді.

Онжылдықтың мәдени феномені
2016 жылы алғаш экранға шыққан «Оғаш дүниелер» Netflix тарихындағы ең ықпалды жобалардың біріне айналды. Сериал стриминг мәдениетінің бет-бейнесін өзгертіп қана қоймай, музыкадан бастап сәнге дейін поп-мәдениетке терең әсер етті.
Финалдық маусым бұл мәртебені толық растады. 2025 жылғы 27 қарашада бесінші маусымның алғашқы бөлімі шыққаннан кейін:
- сериал 91 елде бірден бірінші орынға көтерілді;
- алғашқы 5 күнде 59,6 млн қаралым жинады;
- Netflix тарихындағы ең табысты ағылшын тіліндегі сериал атанды;
- барлық 5 маусымы қатарынан жаһандық топ-10-ға еніп, бұл позицияны 5 апта бойы сақтаған алғашқы жоба болды.
Қазір финалдық маусымның барлық эпизодтары әлем бойынша тек Netflix платформасында қолжетімді.

Galaxy экранындағы Хоукинс пен Жасырын әлем
Samsung ұсынған арнайы топтама сериалдың бесінші маусымынан шабыт алған. Ол 12 қаңтар мен 22 ақпан аралығында қолжетімді және мыналарды қамтиды:
- «Оғаш дүниелер» стиліндегі арнайы тақырып;
- сериал кейіпкерлері бейнеленген бес обой;
- Хоукинс қаласы мен Жасырын әлемнің атмосферасын жеткізетін визуалдар;
- қараңғы, драмалық түстер палитрасы.
Бұл дизайн шешімдері жанкүйерлерге сериалдың ерекше рухын күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді.

Storytelling-ге құрылған серіктестік
Samsung мен Netflix бірнеше жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеді. Компаниялар әлемдік хиттерге арналған цифрлық контент жасап, көрермендермен байланыс орнатудың жаңа форматтарын ұсынып жүр.
Бұған дейін серіктестер «Оғаш дүниелердің» 4-маусымына және KPop Demon Hunters сияқты жобаларға арнайы тақырыптар дайындаған. Ал жаңа коллекция осы шығармашылық әріптестіктің логикалық жалғасы болды.
Қолданушыларға маңызды ақпарат
- Арнайы тақырып Android 15–16 жүйесіндегі Galaxy смартфондарында қолжетімді (кейбір модельдерде жұмыс істемеуі мүмкін);
- Обойларды Android 8 және одан жоғары нұсқаларында жүктеуге болады;
- Контент шектеулі уақытқа ұсынылады және алдын ала ескертусіз өзгертілуі немесе алынып тасталуы мүмкін.