Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жоспар күштік құрылымдар мен салалық министрліктер жетекшілерінің қатысуымен дайындалуы тиіс.
Күштік құрылымдар тәулік бойы жұмысқа көшті
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық күштік құрылымдары тәуліктік жұмыс режиміне ауыстырылды.
Бұл шаралар елдегі тұрақтылыққа қауіп төндіру ықтималдығын болдырмауға бағытталған.
Үкіметте арнайы мониторинг тобы құрылды
Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.
Топтың негізгі міндеттері:
- халықаралық жағдайды тұрақты бақылау
- қауіпсіздік тәуекелдерін талдау
- жедел шешімдер қабылдау
Өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді
Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, шұғыл шешімдер қабылдау жөнінде тапсырма берді.
Мамандардың айтуынша, бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақтылықты сақтау мақсатында қолға алынған.