Қазақстан мен Қытай Алматыда жер сілкіністерін зерттейтін орталық құрады

902
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: Gov

Алматы сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы ғылыми әлеуетін күшейтеді. Қалада болашақ Қазақстан-Қытай бірлескен жер сілкіністерін зерттеу орталығы ғимараты ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю қатысты.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Сондай-ақ іс-шараға ҚХР Жер сілкіністері жөніндегі әкімшілігінің Геофизика институтының өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері және шақырылған қонақтар келді.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Алматыда қандай орталық құрылады

Қазақстан тарапы болашақ бірлескен орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымды дайындады.

Қазақстан-Қытай бірлескен жер сілкіністерін зерттеу орталығын толыққанды құру үшін екі ел арасында тиісті үкіметаралық келісімге қол қойылуы тиіс. Алайда ғылыми жұмысты оған дейін-ақ бастау көзделген.

Осы мақсатта Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының құрылымында Жер сілкіністерін зерттеу орталығы құрылды. Оның құрамына үш мамандандырылған зертхана кіреді.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Зертханалардың функционалдық бағыты болашақ бірлескен орталықтың жоспарланған жұмыс моделіне сәйкес келеді. Бұл Қазақстан мен Қытай ғалымдарына бірлескен зерттеулерді қазіргі кезеңнің өзінде бастауға мүмкіндік береді.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Қазақстан мен Қытай ғылыми ресурстарын біріктіреді

Жобаны дамыту аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС мен ҚХР Жер сілкіністері жөніндегі әкімшілігінің Геофизика институты геофизика және сейсмология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Құжат екі елдің ғылыми ұйымдары арасындағы бірлескен зерттеулерді кеңейтуге және сейсмикалық процестерді зерттеу саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге негіз болады.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Алматы үшін бұл бағыттың маңызы ерекше. Қала сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан, жер қойнауындағы процестерді бақылау, ғылыми деректерді талдау және зерттеу инфрақұрылымын дамыту миллиондаған тұрғыны бар агломерацияның қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Бірлескен орталық Қазақстанға не береді

Жобаның негізгі бағыттарының бірі — сейсмикалық белсенділікті мониторингілеудің заманауи әдістерін дамыту.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Ғалымдар жер сілкіністерін зерттеу мен сейсмикалық процестерді болжау тәсілдерін де жетілдіруді жоспарлап отыр. Ортақ ғылыми алаң Қазақстан мен Қытайдың зерттеу ұйымдарының мүмкіндіктерін біріктіруге жол ашады.

Жоба екі елдің сейсмология саласындағы ынтымақтастығын жекелеген ғылыми зерттеулер деңгейінен тұрақты ғылыми инфрақұрылым форматына шығаруға мүмкіндік береді.

В Алматы дан старт работе будущего Казахстанско-Китайского центра исследований землетрясений

Зерттеу нәтижелері сейсмикалық белсенділікті мониторингілеу мен болжаудың заманауи әдістерін дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға үлес қосады деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -