7315

«Қазақ университеті» Баспа үйі Абай күні қарсаңында «Абайды білмек керек ойлы жасқа» атты онлайн байқау жариялаған болатын, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Байқаудың мақсаты – ұлы ойшыл ақынның өмірі мен шығармашылығын дәріптеп, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Отызға дейінгі жастар арасындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жастар белсене қатысты.

Байқау шарттарында көрсетілген сұрақтарға отыздан астам қатысушыдан жауап келді, соның ішінен 10 хаттың иесі барлық 10 сұраққа дұрыс жауап берген.

Алғыр жауап берген 10 қатысушының арасынан жеңімпазды анықтау барысында сұрақтарға толық әрі сауатты жауап берген қатысушыларға басымдық бердік.

Нәтижесінде: 1-орын Ақтау қаласынан қатысқан Сман Жансаяға берілді.

2-орын Алматы облысы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылынан жауап жазған Несіпбек Ақзере есімді қатысушымызға, ал 3-орын Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылдық округынан хат жолдаған Қайрат Ақтөреге бұйырды.

Байқауымыздың арнайы жүлдесі ең жас қатысушы Мақсатов Дастан Мақсатұлына берілді.

Хакім Абайды тануға ұмтылып, білімдерін сынаған барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз!

Жүлделі болған қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жақын күндері жеңімпаздардың сыйлықтары мекен-жайларына жеткізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -