Жаңа оқу жылындағы талаптар түсіндірілді

4857

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушылармен онлайн жүздесті. Онда ҚР БҒМ тапсырмасымен жаңа маусымға дайындық барысы талқыланып, оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа талаптарға сай жүргізілетіні түсіндірілді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жаңа оқу жылында барлық оқу корпустары мен ғимараттарға кіру Ашық қосымшасы арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде. Университетте бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау шаралары қатаң сақталып, ғимараттарды санитайзерлер, дезинфекциялық аркалар, жылу түсіргіштер, пайдаланылған бетперделерге арналған жәшіктермен толық жабдықтау қолға алынуда. Ал аудитория мен спортзалдар толымдылығы 50%-ды құрап, сабақ уақыты және үзілістер арнайы кестемен реттелмек.

Бұдан бөлек, оқу орнының басшылығы екпе алу, 18-ге толмаған және медициналық анықтамасы бар жастардың білім алу тәртібі, жатақханамен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты студенттер мен ата-аналардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, соңғы мәліметтермен бөлісті.

Білімгерлерге жаңа оқу жылының талаптарын жеткізу әрі түсіндіру жұмыстарын ертең факультет декандары жалғастыратын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -