Ректор «Túrkistan» газетінің бас редакторын қабылдады

2899

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Túrkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбайды қабылдады. Кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Білім ордасының басшысы туған университетіне ат басын бұрған белгілі журналиске ризашылық танытып, ҚазҰУ қалашығындағы оқу ғимараттары мен жатақханалардың, ондағы техникалар мен жиһаздардың соңғы үлгіде жаңартылып жатқанын атап өтті. Ректор жүздесуде медиа мамандарын заманға сай даярлау мәселесіне назар аударды. Жас журналистерге бағыт-бағдар беріп, саланың қыр-сырын үйрету үшін тәжірибе бөлісуді ұсынды.

Бас редактор өз кезегінде қарашаңырақ ҚазҰУ-дың өмірге жолдама бергенін зор ілтипатпен айтып, алғысын білдірді. Ол «Túrkistan» газетінің ағымдағы қызметі жайлы кеңінен әңгімелеп, биыл «Үркер» ұлттық бәйгесінде «Жылдың үздік газеті» номинациясында жеңімпаз атанған басылымның заманауи стильде жұмыс іс­тейтінін жеткізді. Сонымен қатар апталықтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, әлемнің түрлі ал­пауыт компанияларындағы қазақ жастарына және шетелден елге оралған қандастардың тыныс-тіршілігіне арналған үздік жобалары туралы мәлімет берді. Озық басылымның үздік университетпен өзара ықпалдастыққа мүдделі екенін және тәжірибе алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ кездесуге газеттің Алматы қаласындағы тілшісі Ахмет Өмірзақ қатысты. Қадірменді қонақтар университеттің Баспасөз қызметінің мамандарымен және жұмыс барысымен танысты. Әріптестер сала жаңалықтары мен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасып, тиімді ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -