Арманжан Байтасов қарашаңырақта қонақта болды

3943

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов қарашаңырақта қонақта болып, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Білім ордасының басшысы Директорлар кеңесінің мүшесі, танымал журналисті оқу аудиториялары мен студенттер үйіне алып барып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстырды.

Құрметті мейман әуелі жақын күндері су жаңа жиһаздар кіргізіле бастайтын заң факультетінде болып, құрылысшылар еңбегін жоғары бағалады. Одан кейін өзі білім алған журналистика факультетіне қадам басып, жанына ыстық алтын ұяның жаңарып жатқанына қуанышын білдірді. Әсіресе еңсені басып тұратын және созған қолың емін-еркін жететін дәліз төбелерінің жарты метрге жоғары көтеріліп, бұрынғыдан әлдеқайда биіктеп қалғанына таңданысын жасыра алмады.

Филология, тарих факультеттерінің іші ғана емес,  ғимарат сыртының, қасбеттерінің қайта қалпына келтіріліп жатқаны да жағымды жаңалық ретінде қабылданды.

Арманжан Мерекеұлы аудиториялармен шектеліп қана қоймай, қалашық аумағындағы жатақханаларға да арнайы ат басын тіреді.

Естеріңізге сала кетсек,  16 жатақхананың 14-іне биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ректор Жансейіт Қансейітұлы орын санының шектеулігіне (5434) байланысты аймақтардан келетін 3000 білімгерді  оқу орны маңындағы хостелдерге қоныстандыру қарастырылып жатқанын да атап өтті.  

Сондай-ақ А.Байтасовқа қалашыққа келіп, студенттер өміріне қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын жеткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -