Павлодар облысында айыппұл төлемеген 4 жүргізушінің көлігі айыптұрағына қойылды

56826

Апта сайын Павлодар облысында “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, оның аясында полиция қызметкерлері төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар автокөліктерді тексереді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

– Іс-шараның екі күнінің ішінде Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 1 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа төрт автокөлік қойылды. Айта кету керек, 400-ден астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Қанат Кәрімжанов.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -