Қызылордада пробация есебіндегі сотталған арнайы орталыққа орналастырылды

5012

Қызылорда қалалық пробация қызметі есебіне алынған азаматқа Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188- бабымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, екі жыл  мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына  сотталып, жазасының барлық мерзімінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленген, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР ІІМ

Есепке алынған ер адамға пробация қызметкерлері әлеуметтік көмек көрсетіп, денсаулық жағдайын тексертіп, медициналық тексерістен өткізген. Сотталғанды зерделеу барысында оның тұрғылықты мекенжайы жоқ екендігі де анықталды. Нәтижесінде пробация қызметкерлері сотталғанды Қызылорда қаласындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған мекемеге  орналастырды.

– Есептегі  Б., есімді сотталғанды осы орталықта бір жылға дейінгі мерзімге орналастырдық.  Жалпы жыл басынан орталыққа пробация есебіндегі жеті адам орналастырылды. Соңғы орналастырған азаматты жұмысқа орнастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Әзірге ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін күніне төрт сағаттан асырылмай өтеуде, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б. Наурызбаев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -