Арыс ауданында жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

4651

Арыс ауданында жағдайы төмен отбасылар азық-түлік, керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Түркістан полицейлері жалғыз басты тұрғындарға, асыраушысынан айырылған үй-жайларға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Осыған орай Арыс АПБ бастығының орынбасары Қ.Орынбаев бастамасымен жеке құрам жасақталып, аудан аумағында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс шара барысында полицейлер арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж Баламекен ауданынан бір мекен-жайды анықтады. Ол мекенжайда 42 жастағы Нүргүл Азаматша тұратындығы белгілі болды. Жеке құрам анықталған мекен-жайға арнайы барып, жалғызбасты ананы тұрмыстық керек-жарақтармен, азық-түліктермен қамтамасыз етіп, бұған қоса полиция тарапынан арнайы қаржылай көмек берілді.

Өз кезегінде Н. азаматша мұндай игі іске мұрындық болған Арыс аудандық полиция бөліміне алғыс айтып, арнайылап келген қызметкерлерге ризашылығын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -