Қала мұражайының жанындағы сквер мен субұрқақ жаңартылды

4153

Алматыда өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған Әбілхан Қастеев атындағы мұражайдың алдындағы сквер мен субұрқақ алғаш рет реставрацияланды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Алматы қаласының әкімдігі

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев мұражайдың іргелес аумағындағы абаттандыру жұмысын көріп қайтты. Бұл – әр түрлі жастағы қала тұрғындарының сүйікті мекеніне айналары сөзсіз.

Сквер и фонтан возле музея искусств имени А. Кастеева обновили ко Дню города Алматы
Жөндеу жұмысы тарихи қалыптасқан ландшафты көгалдандыру жобасына жаңа тәсілдерді енгізу арқылы заманауи рекреациялық аймақпен толықтырылды. Серуендеу аймағында кедергісіз орта жасалды. Субұрқақтың сорғы жүйесінің жұмыс принципі сарқырамамен ауыстырылып, түнгі уақытта бұл аумақ жарық болуы үшін жарық жүйесі жүргізілді. Жалпы мұражайға іргелес бүкіл аумақ өзгерді.

Бүгінде бұл жерде заманауи алаңы мен демалыс аймағы бар, шағын сәулеттік формалар мен орындықтар қойылды. 2,5 мың шаршы метр аумақ абаттандырылып, скверде заманауи жарық жүйесі орнатылды, яғни 15 прожектор қойылды.

Абаттандыру нәтижесінде скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақғы жаңа тыныс алып, қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналуда. Бұл, соның ішінде, қаланың мәдениет нысанына келуді арттыруға ықпал ететін болады. 

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Алтынай Көбеева көркейтудің жаңа нысандарын ашу әрқашан жағымды деп санайды. 

"Біздер, яғни алматылықтар қала күнінде керемет сыйлыққа ие болдық. Ауқымды абаттандырудан кейін мұражай аумағы өзгеріп, жаңа келбетке ие болды. Жасыл желекке оранған бұл жерде уақытымызды жайлы өткізуге болады деп ойлаймын", - деді А. Көбеева. 

Еске салсақ, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы еліміздің ең ірі көркемсурет мұражайы әрі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу мен мәдени-ағарту орталығы болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -