Полицейлер ұрланған көлікті қарағандылық әйелге қайтарды

37378

Полицейлер ұрланған көлікті қарағандылық әйелге қайтарды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

19 тамызда 27 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Белгісіз біреу көлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 400 мың теңгені құрады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші базарлардың біріне келіп, көлікті автотұраққа қалдырып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

15 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 22 және 24 жастағы екі жас жігітті ұстады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазірі уақытта тергеу жүріп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -