Шымкентте полицейлер кезекті беташар тойын тоқтатты

38566

Шымкентте полицейлер кезекті беташар тойын тоқтатты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді.

19 қыркүйек сағат 14:06-да аудан аумағында орналасқан “Зумрат” кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, 40 адамнан асатын беташар тойын өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -