Атырауда мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақшы болған

16899

Атырауда мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақшы болған, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

11 тамыз күні ​Атырау облыстық еңбек инспекциясына және Атырау облыстық Дене
шынықтыру және спорт басқармасына 54 жастағы Мақат ауданының тұрғыны арызданып, өзінің бұрынғы басшысы қызметке бұрын сотталған азаматты жұмысқа қабылдады деп арыздана отырып, азаматтың ​абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

Аудандық полиция қызметкерлері тексеру кезінде бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады. Кейін ​әйелдің​ жұмыстан шығарылғаны үшін басшысынан кек алмақшы болғаны белгілі болды.

– Қазір аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 326 704 теңге айыппұл салынды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -