Қорғаныс министрлігінде үш жылда не атқарылды?

21494

Қорғаныс министрлігі үш жыл ішінде не істеді. Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс министрі қызметінен кеткен соң редакциямыз оның бұрынғы бағыныстыларынан министр лауазымында болған үш жыл ішінде қандай жұмыс атқарғанын  сұрады.

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІ ДАМЫТУ

 Еліміздің тарихында алғаш рет 2018 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары» әзірленді.

  1. Жаңа Қазақстан Республикасының 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік старегиясының «Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту» бөлімі, «Қауіпсіз ел», «Әскери қызмет қауіпсіздігі тұжырымдамасы», «Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттері мен оны ұйымдастыру жүйесі» бекітілді.
  2. Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін жаңа Қарулы Күштердің құрылысы мен даму тұжырымдамасы бекітілді. Бұл бірқатар жаңа реформалар мен іс-шараларды қамтитын стратегиялық құжат болып табылады.  
  3. Әуе қорғанысы күштері әскерлерін автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) құру жөніндегі жұмыс аяқталуда.
  4. Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық акт қайта әзірленді.

 ЖЕДЕЛ-ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ

  1. ҚР және басқа да елдер аумағында ірі халықаралық оқу-жаттығулар өткізілді.

Олардың негізгісі – «Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы және «Шығыс – 2019» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы.

«Айбалта – 2019» барысында әскерлерді әртүрлі көлікте жеткізумен түраралық және ведомствоаралық топтарды құру, аумақтық әскерлер бөлімшелерін жедел, барлық қажетті элементтерді (зақымдалған машиналарды жинау пунктін, техникалық көмек көрсету пунктін, ЖЖМ құю пунктін, медициналық пунктті және басқаны) өрістетумен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша іс жүзіндегі іс-қимылдар пысықталды.

«Шығыс – 2019» оқу-жаттығуында Ресей Қарулы Күштерінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және ҚР Ұлттық ұланының бөлімшелерімен іс-қимылдар пысықталды.   

Әскери қызметшілер Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Тәжікстан Республикасында, Түркия Республикасында, Үндістан Республикасында өткізілген 19 халықаралық оқу-жаттығуға қатысты.

  1. 2021 жылғы мамырда ҚР Әскери-теңіз күштерінің және РФ Әскери-теңіз флоты Каспий флотилиясының бірлескен оқу-жаттығуы өткізілді.
  2. ҚР ҚК тарихында алғаш рет екіжақты бригадалық-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, онда механикаландырылған және шабуылдау бригадалары бір-біріне қарсы тұрды.
  3. Автомобиль жолының әуеайлақ учаскесіне ұшақтарды және ұшқышсыз ұшатын аппаратты қондыру алғаш рет пысықталды.
  4. Оттегі жабдығын қолдана отырып, жоғары биіктіктен тікұшақтан десант түсіру жүзеге асырылды.
  5. Алғаш рет «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттеріне кешенді тексеру жүргізілді (еліміздің шығыс өңірінде қыста және батыс өңірінде шөл далада Арнайы операциялар күштері компоненттерінің іс жүзіндегі іс-қимылы пысықталды).
  6. Қазақстан әскери қызметшілері «Қалқан – 2021» бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты (ҰҰА бөлімшелері кеңінен тартылды, жауынгерлік жүзгіштер суүсті және суасты тәсілдермен түсірілді; оттегі жабдығын қолдана отырып, жоғары биіктіктен десант түсіру жүзеге асырылды; мобильді техниканы әуеде сыртқы аспаларда тасымалдау және тікұшақтан шабуылдау топтарын түсіру; «Сақ қорғаны» танк бөлімшелері іс-қимылының жаңа тәсілдері, тасалар арасындағы аралықта қозғалатын танкіден қапталдан оқ ату сынап байқалды).
  7. Жедел даярлық қарқыны – 16%-ке, жауынгерлік даярлық 5%-ке артты.
  8. Әуе қорғанысы күштерін жауынгерлік даярлау іс-шаралары қарқыны 25%-ке артты.
  9. Жауынгерлік даярлық бағдарламасына алғаш рет Армиялық тактикалық оқ ату енгізілді.

   ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

  1. Әскери қызмет қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Алғаш рет Әскери полиция бас басқармасында әскери қызмет қауіпсіздігі басқармасы құрылды.
  2. Дербес әскери басқару органдары: Арнайы операциялар күштері (операциялық модельге кезең-кезеңімен ауысумен), Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, Киберқауіпсіздік департаменттері, Арнайы техникалық әзірлемелер бас басқармасы құрылды.
  3. Арыстағы жұмыс нәтижелері бойынша Оқ-дәрілер бас басқармасы қайта құрылды. Оның құзыретіне оқ-дәрілерді есепке алу, сақтау, шығысын қамтамасыз ету мәселелері кірді.

Әскери қоймаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ қойманы күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға нақты жауапты адамды айқындау үшін атыс қаруы мен оқ-дәрілер қоймасының және сақтау орнының бастықтары лауазымдары сержанттар құрамынан офицерлер құрамына ауыстырылды.

ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙ

  1. Ақшалай үлесті жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге ұлғайта отырып, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелері офицерлерінің, сержанттары мен сарбаздарының тарифтік разрядтары арттырылды.
  2. 2020 жылғы қаңтардан бастап тек орталық аппаратта емес, сонымен қатар әскерлерде де тоқсан сайын сыйлықақы беру жүзеге асырылды.
  3. Сыйлық ақы беру жүйесі сыйлықақыны барлық құрамға есептеуден жұмыс нәтижесі бойынша саралап төлеу қағидатынан ауыстырылды.
  4. Ақшалай ризықты жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, шамамен 400 штат бірлігі ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің «төменгі буын» офицерлерінің, сержанттары мен сарбаздарының тарифтік разрядтары (механик-жүргізуші, жүргізуші, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы, сақтау орны бастығы) көтерілді.
  5. Әскери барлау органы АрнМақ қызметкерлерінің айлықақысын кезең-кезеңімен 100 %-ке ұлғайту, сондай-ақ әскери қызметшілердің ақшалай ризығын ҰҚК Шекара қызметінің ақшалай ризығының 80 %-і деңгейіне кезең-кезеңімен жеткізу жүргізілуде.
  6. Ұшқыштар құрамының ақшалай ризығы екі есеге ұлғайтылды.
  7. Алғаш рет С, D, E санатындағы жүргізушілердің жетіспеу проблемасы шешімін тапты. Лицензияланған азаматтық ұйымдармен шарт жасау арқылы 2020 жылы 1500 жүргізуші даярланып, оларға қажеттілік 60 процентке жабылды.
  8. 2020 жылғы қазанда азық-түлік үлесі 1225 теңгеден 1713 теңгеге дейін (өсім 488 теңге немесе 39,8 %) ұлғайтылды. Үлес құны 2017 жылдан бері өзгертілмеген еді.
  9. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша заң жобасы әзірленді, ақшалай ризық мөлшері айтарлықтай ұлғайды, тұрғын үй қоры 140 пәтерге толықты.

Мысалы, Ақтаудағы әскери қалашықта 96 пәтері бар 4 үй пайдалануға берілді. Олар әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тез тұрғызылатын ғимараттар жеке жобасы бойынша салынды. 52 пәтер Сарыөзек гарнизоны әскери қызметшілерінің үлесіне бөлінді.

  1. ҚК құрамына өндірістік-техникалық және жөндеу-қалпына келтіру бөлімшелері енгізілді. Олардың көмегімен әскери объектілерде инфрақұрылым объектілерін ағымдағы жөндеу жедел жүргізілуде, бұл 1,8 миллиард теңгеге дейін үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қарағанды, Алматы, Семей және Жамбыл өңірлерінде 4 жөндеу-қалпына келтіру взводы құрылды. Олардың санын әлі де көбейту жоспарлануда.

  1. 1993 – 2001 жылдары ТМД-ның Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі сыртқы шекарасын күзетуге қатысушыларға «Ардагер» мәртебесін беру бойынша заңнамалық түзетулерге бастама танытылды.
  2. Әскери зейнеткерлерге санаториялық-курорттық емдеу және емдеу-сауықтыру демалыс орнын таңдау мүмкіндігін беру туралы мәселелер шешілді. Осындай көрсетілетін қызметтерді алуға болатын орындар тізбесі кеңейтілді.
  3. Бурабайдағы спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКА (ҚӘТ)

  1. Алғаш рет Алматы қаласында броньды танк техникасын жөндеу бойынша өзімізге меншікті цех ашылды.
  2. Армияның техникалық жарақталуын арттыру жөніндегі шаралардың арқасында жаңа, күрделі жөнделген және жаңғыртылған ҚӘТ үлесін 33-тен 38,3 %-ке арттыруға мүмкін болды.
  3. Қарулы Күштерге Су-30СМ ұшақтары,            Ми-35М жауынгерлік тікұшақтары, Ми-171 тікұшағы базасындағы әуеде басқару пункті, ҰҰА кешендері, «Нұр» РЛС, Роса-РБ биіктігі төмен нысаналар РЛС, «Арлан» БДМ келіп түсті.
  4. Алғаш рет Қазақстан армиясының тарихында «Бук» ӘШҚҚ әскери зениттік-зымыран дивизионы сатып алынды, сонымен қатар «Тор – М2» зениттік-зымыран кешендері сатып алынуда.
  5. А400М жүк көтергіштігі жоғары қазіргі заманғы әскери-көлік ұшақтарын оларға қызмет көрсету пакетімен жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
  6. 2022 жылдан бастап ҚӘТ-ны сатып алуды қаржыландыру елеуле түрде ұлғайтылды. Бұл 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын өте ұзақ мерзімді процесс және қорғаныс әлеуетін, қазіргі заманғы ҚӘТ үлесін анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді.
  7. Алғаш рет ҚӘТ-ны несиемен сатып алуды қаржыландыру енгізілді.
  8. 73 бірлік қару-жарақ күрделі жөндеуден өтті. 200 бірлік техника жөнделді және жаңғыртылды.

 ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ САҚТАУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Оқ-дәрілерді ел аумағы бойынша оңтайлы таратып орналастыру мақсатында оқ-дәрілерді іс жүзінде таратып орналастыру жүргізілуде.

  1. 20 жылдан кейін 2021 жылғы шілдеде Қарағанды облысы Тоқырау кентінің 2001 жылғы тамызда оқ-дәрілер қоймасы өртенген бұрынғы техника
  2. Бүкіл ел бойынша оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау үшін 2019 жылдың соңында Оқ-дәрілерді сақтау инфрақұрылымын жетілдіру және дамыту кешенді жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Нақты мүмкіндіктерді ескере отырып, ол 2025 жылға дейін есептелген. Алайда пандемияға қарамастан, ағымдағы жылдың өзінде жоспардың 50 проценті орындалды.
  3. Өңірлердің бірінде барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа қазіргі заманғы оқ-дәрілерді сақтау базасын салу жұмысы басталды.
  4. Тағы бір оқ-дәрілерді сақтау базасын және ҚР ИИДМ оқ-дәрілерді жою, өткізу кешенді орталығын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жүргізілуде.

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша заңнама талаптары қатаңдатылды.

  1. Қорғаныс министрлігі қарқыны жылына 20 %-ті құрайтын барлық оқ-дәрілерге толық кешенді түгендеуді бастады. Кейбір оқ-дәрілерді сақтау базаларында толық түгендеу 30 жыл ішінде мүлдем жүргізілмеген.

Одан басқа, сақтауда тұрған әскери техниканы сұрыптау жүргізілуде.

  1. ҚР Қарулы Күштеріне пайдаланылмайтын әскери мүлікті (қазіргі уақытта оны ҚР ИИДМ жүргізеді) дербес жою құқығын беру үшін заңнамаға өзгерістер енгізілуде.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Балқаш әуеайлағына күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі заманғы жарық-сигнал жабдығымен жарақтандырылған ұшу-қону жолағы монолитті бетоннан жасалған, түнгі уақытта және күрделі метеорологиялық жағдайда авиацияның барлық ұшақ түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді.
  2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге бастама танытылды, соның арқасында Ақтау қаласында әскери-теңіз госпиталін және Түркістан және Ақтау қалаларында екі әскери әуеайлақ жобаларын салу пысықталуда.
  3. Нұр-Сұлтанда жаңа Қорғаныс министрлігінің ғимаратын және әскери госпитальдік-клиникалық кешенді салу бойынша жұмыс басталды.

ЖЕКЕ ҚҰРАМДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМДІ ДАМЫТУ

  1. 18 бағытта үздік әскери қызметшіні айқындау бойынша алғаш рет жыл сайынғы «Әскер тарланы» конкурсын өткізу енгізілді.
  2. 2019 жылғы 22 қарашада қызметтік міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер құрметіне ҚМ ғимаратында «Мәңгі есімізде» мемориалы ашылды. Ол – қаза тапқандар туралы дерекқоры бар қабырға және ақпараттық блок.
  3. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық ұйымдары құрылды. Оның филиалдары еліміздің барлық өңірінде ашылған.
  4. Ұлттық әскери-патриоттық орталықта құрылған арнайы іздестіру жүйесінің көмегімен Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды.
  5. ҚР ҚК музейінде алғаш рет Танк әскерлері бөлімі және Жергілікті соғыс бөлімі ашылды.

ХАЛЫҚҚА КӨМЕК КӨРСЕТУ

  • 2019 жылғы қазаннан бастап 8 гарнизонда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге әскери қызметшілерімен «Бірлесіп патрульдеу» пилоттық жобасы енгізілді. Оң нәтиже бар.
  • Нұр-Сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталі және Алматы қаласының әскери-клиникалық госпиталі инфекциялық стационар ретінде коронавирустық инфекциямен науқастанған пациенттерге медициналық қызмет көрсете бастады. 2020 жылы 906 адам емделіп шықты.
  1. Қорғаныс министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын әзірледі. Жобада Қарулы Күштерді жаңғырту, оның ішінде бюджеттен тыс қаржыландыру есебінен жаңғырту көзделген.
  2. 2021 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қорғаныс министрлігінің және Бас штабтың құрылымдық бөлімшелеріне 144-тен астам өтінім қарастырды. Цифрландыруға жататын барлық көрсетілетін қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды.

ҚАРЖЫ

  1. Қарулы Күштердің қызметіне алғаш рет функционалдық талдау жүргізілді. Оның нәтижесінде мөлшері 1 миллиард теңгені үнемдеу қамтамасыз етілді. Басшылармен орындаушылардың арақатыснасы 1:1-ден 1:8-ге өзгерді.
  2. Қорғаныс министрлігі 2018, 2019 және 2020 жылдары бюджетті жүз процент игерді.
  3. Заңға ғимараттар мен құрылыстарды, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдануға рұқсат ету енгізілді. Бұл іс жүзінде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың фактілері немесе алғышарттары туралы ақпаратты жедел алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған «Адалдық алаңы» арнайы алаңы құрылды.
  2. Әскери полиция бас басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы құрылды.

ӘСКЕРИ МЕДИЦИНА

  1. 2020 жылғы сәуірде бюджет қаражатын пайдаланбай, жеке инвесторлар есебінен Қарулы Күштерде алғаш рет екі ПТР-зертханасы ашылды.
  2. Ақтау және Семей қалаларында әрқайсысы күніне 180 ПТР-зерттеуге дейін жүргізу мүмкіндігі бар екі мобильді зертхана кешені қойылды.
  3. «Жарақаттану кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету» халықаралық курсы (ITLS) бойынша сертификатталған Әскери медицина орталығы базасында (Алматы қ.) 319 адам біліктілігін арттырды. Бұл – ТМД елдері аумағында осы бағдарлама бойынша сертификатталған алғашқы әскери-медициналық мекеме.
  4. Сегіз әскери-медициналық мекеме Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасап, тек әскери қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ азаматтық тұлғаларға медициналық қызмет көрсете бастады.

СПОРТ

  1. Бүкілқазақстандық қоян-қолтық сайыс қауымдастығының жұмысы өрістетілді және Армиялық қоян-қолтық күрес федерациясы құрылды.
  2. Қарулы Күштерде қоян-қолтық күрес пен армиялық қоян-қолтық күрес кеңінен таралды. Бұл жастар үшін моральдық-жауынгерлік рухты, дене шынықтыру дайындығын және әскери қызмет тартымдылығын арттырды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

  1. Ливандағы бітімгершілік миссия құрамына алғаш рет жауынгерлік бөлімше жіберілді. Қазіргі уақытта онда 5-ші бітімгершілік контингент қызмет өткеруде.
  2. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа уақыт ішінде саны 28 әскери дәрігерден тұратын арнайы мақсаттағы медициналық жасақ құрылды. Олар 2020 жылғы тамызда Бейрут қаласындағы (Ливан) жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.
  3. Әскери-техникалық көмек көрсету шеңберінде 2021 жылғы шілдеде ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында оқу үшін Тәжікстан Республикасына квота саны көбейтілді. Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында әртүрлі мамандық бойынша Тәжікстанның 62 әскери қызметшісі білім алуда.
  4. Өте күрделі және қауіпті жағдайларда 2021 жылғы 18 тамызда С-295 кеме экипаж құрамы Кабулдағы еліміздің елшілерін, сондай-ақ Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша операция жүзеге асырылды. Гуманитарлық операция ретінде бұл ұшақпен Ауғанстаннан ҚР Елшілігіне көмек сұрап келген Қырғызстан, Ресей және Литва азаматтары да шығарылды.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

  1. Оқыту процесіне әскерлердің күнделікті қызметінен алынған, шынайы оқиғаларға негізделген оқу модульдеріне ахуалдық кейстер енгізілді. Бұл мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді логикалық және креативті ойлау тәртіптеріне үйрете бастады.
  2. Әскери ғылымды қаржыландырумен қорғаныстық зерттеулер бойынша ғылыми басымдық алғаш рет енгізілді.
  3. Қазақстанда шығарылған «Шағала» ҰҰА-ға далалық сынаулар жүргізілді.
  4. Әскери оқытылған резервтің жинақталуын ескере отырып, заңнамаға әскери кафедраларда даярлау енгізілді. Бұл тек офицерлерді даярлауға ғана емес, сондай-ақ запастағы сержанттарды да жұмылдыру әлеуетін де арттыруға мүмкіндік берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -