Ақмола облысында бірқатар лауазымды тұлғалар бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапқа тартылды

2067

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылғы қарашада заңнамалық деңгейде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін отставкаға шығу институты енгізілді.

Бүгінгі күні осы норманы іске асыру шеңберінде бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Ақмола облысының бірқатар лауазымды тұлғалары отставкаға кетуі туралы өтініш бергеннен кейін жұмыстан шығарылды, сондай-ақ тәртіптік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мысалы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы «толық емес қызметтік сәйкестік» түрінде тәртіптік жауапқа тартылды. Осы мемлекеттік органның бас маманы-мемлекеттік санитарлық инспекторы пара алған болатын.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тіркелген қылмыстар мен шығарылған сот үкімдеріне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта процестік шешімдер қабылданғаннан және сот үкімдері күшіне енгеннен кейін бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігі туралы мәселелер қаралатын бірқатар қылмыстық істер бар.

Естеріңізге сала кетейік, енді мемлекеттік саяси қызметшілер тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға түсуге міндетті. Бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндет.

Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.

Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -