Экономиканың шикізаттық емес секторлары инвестициялық белсенділік өсуінің негізгі локомотивтеріне айналды

395
Фотосурет: ortcom.kz

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Инвестициялар өңдеу өнеркәсібінде 1,8 есе, құрылыста 2,2 есе, сондай-ақ ауыл шаруашылығында 1,4 есе өсті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров осындай мәліметтерді жария етті.

Ол экономиканың шикізаттық емес секторлары инвестициялық белсенділік өсуінің негізгі локомотивтеріне айналғанын атап өтті. 

«Өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша жалпы оң динамика байқалады. Ең үздік көрсеткіштер Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Павлодар облыстарында байқалады. Көлемдердің айтарлықтай төмендеуі Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Аталған өңірлерде инвестициялардың төмендеу себебі карантиндік шектеулерге байланысты ірі мұнай-газ жобаларының баяулауы болды», - деп түсіндірді спикер.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -