Газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті

1098
Фотосурет: ortcom.kz

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастардың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңмен реттеледі. Заңда газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың құзыреттері нақты баяндалған және олардың өкілеттіктері бөлінген, бақылау объектілері нақтыланған, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Заңға сәйкес ТЖМ-ге газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптарды белгілеу және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың оларды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер жүктелген. Ведомство құзыреттер аясында қандай іс-шаралар өткізгені жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтып берді.

«Заңның 6-бабында газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін және газбен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамуына, тауарлық, сұйытылған мұнай газын және табиғи газды өткізу жағдайларына, газды тасымалдау, сақтау, өткізу және есепке алу талаптарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізетін Энергетика министрлігі тұлғасындағы уәкілетті органның құзыреті айқындалған. Заңмен Әкімдіктердің тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті белгіленген», - деді спикер. 

Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 729-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -