Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысты

691
Фото: Е.Үкібаев

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Парламентшілер отырыс барысында 2021 жылғы қыркүйек сессиясының қорытындыларын, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы ахуалды және ұжымдық қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылады.

Қатысушылар сондай-ақ ҰҚШҰ ПА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бастамасы бойынша енгізілген үлгі заңнамалық актілер мен ұсынымдардың жобаларын талқылады. Олардың қатарында «Ақпараттық қауіпсіздік туралы» және «Бітімгершілік қызмет және бітімгершілік күштер туралы» үлгі заңдар бар.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің мәртебесі бойынша әскери қызметке ұқсас мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі ұсынымдарға қатысты және басқа да мәселелер талқыланды.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -