Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Түркістан: Тұңғыш Президент күні қарсаңында мақтааралда 4 мектеп пайдалануға берілді

1374
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 4 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
 
Аталған мектептердің ашылу салтанатына Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев қатысып, жұртшылықты құттықтады.
 
«Ел игілігіне беріліп жатқан Иіржар ауылдық округі Мақтажан ауылында орналасқан 200 орындық «Мақтажан» жалпы орта мектебі, Жаңажол ауылдық округі Арайлы ауылында орналасқан С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Қарақыр ауылында орналасқан 100 орындық А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектептің ғимараты және Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев ауылында орналасқан 200 орындық Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына да зор тарту болып отыр» – дейді Алтын Күнтуқызы.
 
Мектептерде физика, химия, информатика кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық оқу бөлмелері соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ спорт залдары, тігін шеберханалары, асханалары да заманауи үлгіде жабдықталған. Жаңа ғимараттардың арқасында ауыл оқушылары түрлі спорттық, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамыта алады.
 
Мектептің ішін аралап көрген аудан басшылары мен тұрғындар құрылыстың сапасына, базалық-техникалық жабдықталуына жоғары баға берді.
 
Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 13 мектептің құрылысы жүрігізілді. Бүгінде құрылысы жүрген мектептердің төртеуі пайдалануға берілсе, жылдың соңына дейін тағы 4 мектеп ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Ал, қалған 5 мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -