Қызметкерлерге digital-дағдылар жетіспейді

31526

2021 жылғы тамызда ANCOR компаниясы Қазақстанда hard, soft және digital дағдылардың қажеттілігі туралы зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 198 басшы мен 1245 қызметкер қатысты. Компаниялардың оқытуды қалай жүргізетіні, қандай дағдыларды ең маңызды деп санайтыны және басшылардың пікірінше, қандай қызметкерлер жетіспейтіні зерттелді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ANCOR зерттеулерінің деректері қазақстандық компаниялар қызметкерлеріне көбіне цифрлық дағдылардың жетіспейтіндігін көрсетеді, бұл туралы жұмыс берушілердің 54%-ы мәлімдеді. Сонымен бірге, қызметкерлердің 17% - ы digital skills-тің өз кәсіптерінде өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, сарапшылар цифрлық құзыреттілікке деген қажеттіліктің өсуін байқауда: олар маңыздылығы бойынша hard және soft skills-ке жақындайды, тіпті инвестициялардың тартымдылығы бойынша «жұмсақ» дағдылардан да асып түседі. Сондай-ақ, қызметкерлердің 63%-ы өздерінің digital skills-ті дамытуға инвестиция салуға дайын.

«Егер біз digital skills және қызметкерлердің осы дағдыларының жетіспеушілігі туралы айтатын болсақ, онда дайын білімі бар маманға қарағанда цифрлық ойлау қабілеті бар маман табу біз үшін аса құнды. Мысалы - біздің қызметкер компанияда 1,5 жыл жұмыс істегеннен кейін, жұмыс басында цифрлық дағдылары болмаса да, телеграмда жаңадан келгендерді онлайн-бейімдеуге арналған чат-бот әзірледі. Ол бәрін өздігінен және тегін үйренді»,-деп түсіндірді зерттеу нәтижелерін Оксана Бондаренко, Coca-Cola компаниясының HR Director.
«Бизнесті цифрландыру стратегиялары іске асыру тұрғысынан енді қарқын алып жатқанына қарамастан, біз өз тәжірибемізде көптеген бос жұмыс орындарына үміткерлердің digital skills-ын бағалаймыз.  Бұл дегеніміз, ертең қызметкерге қандай цифрлық дағдылар қажет екендігі туралы ойлануға кеш болады, өйткені бүгінде оларды қолдану және дамыту қажет. Тек бұлар ғана маманға өзінің кәсіби және мансаптық мүмкіндіктеріне сенімді болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Валерия Петрунина, ANCOR Central Asia Бас директоры .

Қызметкерлердің дағдыларын бизнес қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселесінің ең жақсы шешімі ретінде менеджерлердің көпшілігі (62%) ішкі оқытуды қарастырады. 31%-дан астамы процестерді автоматтандыру жақсы шешім екеніне сенімді, бірақ менеджерлердің 7%-ы сырттан жаңа білікті «дайын» мамандарды тартудың жолын көреді.   Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 96%-ы өз қызметкерлерін оқытады, алайда оның жартысы ғана оның тиімділігін өлшей алады. Бұл ретте респонденттердің 98%-ы жұмыс беруші компания есебінен өз дағдыларын жақсарту мүмкіндігін ұсынуы тиіс деп санайды. Ал қызметкерлердің үштен екісі (81%) оқу мүмкіндігін жұмыс берушіні таңдауда маңызды фактор ретінде қарастырады.

«Біз жұмсақ пен қатты дағдылар арасында басымдық мәселесін көтермейміз. Біз өз қызметкерлерімізді оқытудың қуатты бағдарламасын ұсынамыз. Біздің қызметкерлерімізді дамытатын үш бағыт бар және олар өз кезегінде soft және hard skills-ті дамытуға бағытталған. Функционалды тренингтер-компанияның тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Soft skills trainings-коммуникативтік оқытуға бағытталған. Көшбасшылық бағдарламалар жеке блокпен ұсынылған»,-деп бөлісті Оксана Бондаренко, Coca-Cola компаниясының HR Director.

Сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 44%-ы оқытудың ең қолайлы форматы оффлайн білім деп атады, ал оқуға арналған ресурстар арасында бірінші орында - арнайы білім беру платформалары. Зерттеу нәтижелері бойынша алдағы бірнеше жылда білім беру алаңдарының танымалдылығы артатыны, ал жақын болашақта оларды респонденттердің 69%-дан астамы пайдалануды жоспарлап отырғаны байқалады. Басшылардың 54%-дан астамы заманауи технологиялар мен компанияның қажеттіліктеріне сәйкес болу үшін дағдыларды бір-екі жылда бір рет жаңартып отыру керек деп санайды және қызметкерлер олармен келіседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -