Мария Мудряктың Қытайдағы бесінші гастролі аншлагпен өтті

1023
Фотосурет: "Астана Балет" театрының PR-қызметі

Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайдағы гастрольдік турын аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Концерттер басты опера сахналарында – Бейжіңдегі Ұлттық өнер орталығында және Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өтті.

Бұл – әншінің Қытайдағы бесінші гастролі. Өнерпаз Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындады. Бұған дейін ол осы қойылымдағы Сюзанна партиясын шырқаса, ал биыл алғаш рет көрерменге графиня образында шықты. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері спектакльге ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік берді.

Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ ән айтуға қызығып, 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған. Сол жерде «Ла Скала» театрының балалар хорында шығармашылық жолын бастап, кейін Миландағы Дж. Верди атындағы консерваторияны тәмамдады. Қазір ол әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.

Әншінің келесі концерті биыл қазанда Италияда, Йези қаласындағы Перголези театрында өтеді. Ол онда «Дон Жуан» операсындағы Донна Анна партиясын орындайды. Осылайша, Мария Мудряк Моцарттың опералық трилогиясындағы үш басты әйел рөлін толықтай сахналайтын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -