Қырағылық танытқан әскери қызметші

1008

Еліміздегі төтенше жағдайлар кезінде ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Әуе қорғаныс күштерінің әскери қызметшісі кіші сержант Мұхтарбек Мүтиев Алматы облысындағы әскери әуеайлаққа бет алған белгісіз адамдар тобының алдын алды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.  

Әскери бөлімдегі әуе айлағының ұшу алаңын күзету барысында кіші сержант Мұхтарбек Мүтиев түнгі сағат 2:30 шамасында ұшу  алаңында белгісіз төрт адамды байқаған. Сол сәтте уақытылы байланыс құралымен басшылыққа баяндап, жедел-ден қою тобына хабар берген. Қосымша күш келгенге дейін, қорғаныс шебін ұстап тұрған. 

Айлаққа кірмек болған төрт белгісіз топ қайтадан артқа қарай шегініп, қараңғы жаққа қарай бет алып кеткен. Ауа райының тұман болуына байланысты, белгісіз адамдар тобы ізін суытып үлгерген.  

-Отаныма адал қызмет етуге ант берген соң, өз қызметімді абыроймен атқарып, сертке берік болу міндетім, – деді кіші сержант Мұхтарбек Мүтиев.  
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -