Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Қаңтардағы оқиғалар бойынша әкімшілік істердің жартысына жуығында сот ескертумен шектелді

1050

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президенттің ауырлататын мән-жайлар болмағанда, жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Оның мәліметінше, жалпы соттармен, қаңтардағы оқиғаларға байланысты 9213 әкімшілік істер қаралды. 

«Соттар, шын ниетпен өкіну және жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп, 4561 тұлғаларға қатысты ескерту жасаумен шектелді. Прокурорлардың өтінішхаттарымен 1083 адамдар қамаудан босатылды, 490 айыппұл жазалары ескертуге ауыстырылды, 386 әкімшілік істері құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты толығымен қысқартылды. Қазіргі уақытта, 362 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1245 тұлғаларға қатысты айыппұл қолданылды. Сонымен бірге, прокурорлардың әкімшілік жазаларды жеңілдету туралы 298 өтінішхат соттардың қарауында. Осыған ұқсас жұмыстарды, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жүргіземіз», - деді спикер.

 Сондай-ақ, ол азаматтардың «STOPTERRORISM.KZ» ресми сайтына жолданған бейне жазбалары, оқиғалардың мән-жайларын анықтауға елеулі көмек көрсетіп жатқанын жеткізді. 12 қаңтардан бері 1500-ден астам ақпарат түсіп, олар тергеушілермен толық зерделенуде. Осы сайтты қолдану арқылы, Алматы қалалық әкімшілігінің алдында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұлғалар анықталдық. 

Бас прокуратура немқұрайлық танытпаған азаматтардың көмегіне алғысын білдіреді. Бұл сайт анонимді, ақпараттар тек қылмыстық істердің тергелуінде қолданылады.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -