Информатика пәні мұғалімдері оқушылар мен студенттерді электронды мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді

896

Ақмола облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласы колледждері мен мектептерінің информатика пәні оқытушыларын eGov.kz электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқыту жүргізілуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Аталған бағытта Департамент облыстық білім басқармасымен және "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тренингтер барысында информатиктерді тек eGov порталы арқылы ғана емес, eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да қызметтерді алуға үйретуде.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Біздің мақсатымыз - оқытушыларды дайындау, ал олар өз кезегінде жоғары сынып оқушылары мен студенттерді оқытатын болады. Бұл біздің халқымыздың ең мобильді бөлігі, олар бірінші кезекте цифрлық дағдыларға ие болуы және өз дағыларымен үлкендермен бөлісуі тиіс.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -