Талдықорған қаласы тұрғындарының өтініштері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Тавиди» ЖШС-ы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Осылайша, тексеру барысында «Тавиди» ЖШС-ы 2021 жылдың қараша және желтоқсан айларында Талдықорған қаласының тұтынушыларына сұйытылған газды газгольдерлер арқылы бөлшек саудада өткізу қызметтеріне 1м3 үшін 650 теңге сомасында төлем шоттарын бергені анықталды (шығындардағы ҚҚС-ты ескере отырып), алайда ТМРКД-ы 1м3 үшін 450 теңге мөлшерінде (шығындардағы ҚҚС-ты ескере отырып) баға белгілеген болатын.
Осыған байланысты, тексеру нәтижелері бойынша, «Тавиди» ЖШС-на қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, онда 1 225 200 теңге сомасында (400 АЕК) айыппұл салу көзделген.
Сондай-ақ, «Тавиди» ЖШС-ның атына нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тікелей тұтынушыларға шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету арқылы алынған кірісті қайтару бойынша нұсқама енгізілді.