Шымкентте 30 жас сарбазды әскерге шығарып салды

3553
Фотосурет: Gov

Шымкент қаласында Отар әскери базасына аттанатын 30 жас сарбазды әскерге шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шараға қалалық және аудан әкімінің орынбасарлары, Қарулы Күштер ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Салтанатты жиын барысында Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жастарға және болашақ Отан қорғаушыларына жүрекжарды тілегін білдіріп, олардың ел алдындағы борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді. Ол өз сөзінде әскери қызметтің — әр азаматтың парызы әрі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Ардагерлер де жас сарбаздарға ақ жол тілеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Болашақ сарбаздар Отан алдындағы міндеттерін лайықты орындауға дайын екендіктерін жеткізді.

Бұл рәсім жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде және Отан қорғау ісінің маңызын ұғындыруда ерекше орынға ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -