Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді

15631
Фотосурет: АР

Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты шектеу шаралары жеңілдетіледі. Атап айтқанда, қазір балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне балабақшалар мен мектептерге кіруге рұқсат етілген, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тиісті қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин қол қойды. Құжат 22 ақпанда күшіне енеді.

Ертеңнен бастап:

- Ashyq қосымшасында «жасыл» және «көк» мәртебесі бар тұлғалар сауда-ойын сауық орталықтарына, сауда үйлері мен желілерге, бассейндерге, ойын, түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтай отырып, шектеусіз бара алады;

- көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық дұға ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі;

- кинотеатрларда кинозалға тамақ пен сусын ішуге рұқсат етілген;

- балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығы бойынша шектеулер алынып тасталды.

- ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алынып тасталды (қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жағдайында қашықтан және бетпе-бет форматтағы қызметкерлердің пайыздық қатынасы бойынша талаптарды ескерместен жұмыс істеуге болады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID -19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID -19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің офлайн жұмыс істеуіне жол беріледі);

- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды;

- ПТР-тестсіз вакцинациялау паспорттарын өзара мойындайтын шет мемлекеттердің азаматтарына кіруге рұқсат етіледі;

- ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды;

- балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимаратына кіруге рұқсат етіледі.

Білім беру мекемелерінде COVID -19 топтық ауруын тіркеген кезде сыныптарға, топтарға және ағындарға үй карантині 10 күнге созылады. Бұл ретте карантинді енгізу бір сыныптағы (топтағы), бір ауысымдағы немесе бір ағындағы балалардың 30%-дан астамы дерт жұқтыруына байланысты болуы тиіс. Балалар үй карантині аяқталғаннан кейін сабақтарға ПТР-тест тапсырусыз және анықтама ұсынусыз жіберіледі.

 «Pfizer» вакцинасын келесі санаттағы азаматтарға қолдануға рұқсат етілген:

- мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдардың ревакцинациялары;

- вакцинация:

- мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер);

- Қазақстаннан тыс жерде бірінші компонентті алған вакцинациялау курсын аяқтау үшін (екінші доза).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -