Шекарашылар жанар-жағармай әкетудің жолын кесті

18106
Фотосурет: shekaraknb

2022 жылғы 6 наурызда шекарашылар Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінің «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна «АИ-92» маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған. Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Тауар ілеспе құжаттар бойынша «құрама» жүк ретінде рәсімделген.

Ұсталған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынатынын еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -