Қарағандылық оқушылар XIX Дүниежүзілік жазғы гимназиадада жоғары нәтижелер көрсетті

9702

Қазақстандық оқушылар Нормандиядағы (Франция) XIX Дүниежүзілік жазғы гимназиядада үшінші болды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Олар 85 медаль жеңіп алды – 32 алтын, 32 күміс және 21 қола. Жеңімпаздар арасында Қарағанды облысының спортшылары да бар.

Бокстан бірінші орынды № 2 мектеп-лицейінің оқушысы Рамазан Нұрлыбаев (48 кг) және № 2 мектептің (Қарағанды) оқушысы Ерасыл Ермек (60 кг) алды, екінші орынды № 7 мектептің өкілі Мадияр Тайпақов (63,5 кг) алды.

Қыздар арасында олимпиада резерві мектеп-интернатының оқушылары бокстан жүлделі орындарға ие болды: Гүлназ Бөрібаева (48 кг) бірінші, Анита Адишева (50 кг) және Томирис Мырзақұл (52 кг) екінші орын алды.

Еркін күрестен Қарағанды спорт мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Асхат Хаджиев (80 кг) күміс медальға ие болды.

Жүзу бойынша Теміртау қаласының № 21 ОМ оқушысы Ксения Игнатова екі екінші орынға қол жеткізді.

Әйелдер күресінен № 3 Қарағанды мектебінің оқушысы Арина Исмайлова (65 кг) екінші орын алды.

Жеңіл атлетикадан Ә. Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Анна Шумило қола медальға ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -