Қарағандылық домбырашы республикалық балалар байқауының Гран-при иегері атанды

637

Қарағанды қаласының № 1 нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, № 1 өнер мектебінің оқушысы Нұрдәулет Сағатбек Алматыдағы алғашқы республикалық «Домбыра-Дастан» балалар байқауында үздік домбырашы деп танылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Музыкант Гран-при және 8 миллион теңге көлеміндегі ақшалай марапатқа ие болды.

Қазақстанның барлық аймақтарынан келген домбырашылар конкурсына 6–15 жас аралығындағы 548 жас музыканттар қатысты.

– Байқау туралы мен Instagram-нан білдім. Бірінші тур онлайн өтті. Онда екі күй ойнау керек болды. Мен Құрманғазының «Байжұма» және «Серпер» шығармаларын таңдадым. Екінші кезең Нұр-Сұлтанда офлайн өтті. Біз ұйымдастырушылар таңдаған шертпе және төкпе күйлерін орындауымыз керек еді. Мен Сүгірдің «Қосбасарын» және Құрманғазының «Кішкентайын» дайындадым. Шамасы, қазылар алқасы менің орындауымды ұнатқан болуы керек, себебі менен Дина Нұрпейісованың «Бұлбұл» күйінің үзіндісін орындауды сұрады. Байқаудың финалы 22 мамыр күні Алматыда өтті. Онда біз екі күй ойнадық – белгілі композиторлар және өз таңдауымыз бойынша. Мен Құрманғазының «Төремұратын» және Қаршыға Ахмедьяровтың «Қуаныш» туындыларын таңдадым. Қарсыластар мықты болды. Мен Гран-при аламын деп күткен жоқпын, – дейді Нұрдәулет.

– Мен ұлымның жеңіске жететініне сендім. Ақшалай сыйлыққа Нұрдәулетті шетелге апарып, көзіне ота жасатқымыз келген. Бірақ ол одан бас тартып отыр: ол тіпті нашарлап кетеді деп қорқып отыр.  Оның бір көзі аздап жарық көреді, ал екіншісі мүлдем көрмейді. Біздің өз үйіміз жоқ, ұлым пәтер сатып алуға жүлде ақшасын қосқысы келеді. Кеше ұлымызға жаңа домбыра сатып алдық. Сондай-ақ, ақша сахналық костюмдерді тігуге де жұмсалады, – деп бөлісті жеңімпаздың анасы Эльмира Жапқараева.

Нұрдәулеттің шығармашылық жеңістер қоржынында көптеген марапаттары бар. Ол осыған дейін де облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда үздік атанған. Мәселен, өткен жылы XVI халықаралық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің Гран-приін жеңіп алып, «Сарыарқаның жаңа есімдері» байқауында бірінші болды.

Нұрдәулет – талантты орындаушы ғана емес, сонымен қатар 13-тен астам күй мен ән жазған композитор-домбырашы. Оның жетекшісі – № 1 өнер мектебінің мұғалімі Нұрдәулет Ыдырысов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -