Қазақстан мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтуде

13827
Фотосурет: АР

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде. Мереке 2007 жылы қабылданды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

4 маусым күні кездейсоқ таңдалмады. 1992 жылы дәл осы күні, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін алты айдан соң, мемлекетіміздің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттары саналатын туы, елтаңбасы және әнұраны ресми түрде бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Бұрын "Менің Қазақстаным" әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұранды орындау кезінде Қазақстан азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

Мемлекеттік рәміздер күнінің мемлекеттілігіміз үшін маңызы ерекше. Туға, елтаңба мен әнұранға деген құрмет пен сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді көрсету арқылы патриоттық сезімді білдіру қазақстандықтардың ұлттық мәдени кодының бір бөлігіне айналып үлгерді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -