Елордада бокстан I Халықаралық «Елорда кубогы» турнирі басталды

1331

Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-Жек» сарайында бокстан ерлер мен әйелдер арасында I Халықаралық «Елорда кубогы» турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Дүбірлі жарыста «Елорда кубогы» үшін 10 елден 250 спортшы жұдырықтасты. Олардың арасында Куба, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері бар.

Турнирдің салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылкыбаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов және 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері елімізге белгілі қазақ боксшысы Болат Жұмаділов қатысты.

Олар 25 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасатын болады. Яғни әйелдер 12 салмақ дәрежесі (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75кг, 81 кг, +81 кг), ал ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92кг, +92 кг) сынға түседі.

Дүбірлі доданың жартылай финалы 30 маусым мен 3 шілде аралығы, ал 4 шілде күні ақтық бәсеке мен турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтетін болады.

Қазақстан құрамасы атынан 50-ге жуық былғары қолғап шебері шығады.

Турнир жеңімпаздары осы жылдың қазан айының соңында және қараша айының басында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болады.

Жалпы турнир 7 күн бойы өтеді. Жекпе-жек «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -