Синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Күдікті – 20 жастағы қала тұрғыны. Ол мамыр айында ұсталды. Жас жігітте өсімдік тектес зат салынған 8 полимер түйіншек болған. Тағы 52 түйіншек пен сұйықтық құйылған екі ыдыс Халтурин көшесі бойындағы тұрғылықты мекенжайынан табылды. Сараптама “спайс” деген атпен белгілі синтетикалық есірткі, сондай-ақ оны дайындауға арналған прекурсорлар екендігін көрсетті.
Күдіктінің айтуынша, есірткіні ол жеке пайдалану үшін сақтаған. Сонымен қатар, тәркіленген есірткінің саны 200 реттік дозаға жуық, есірткі затының жалпы салмағы – шамамен 8 грамм, ол аса ірі мөлшеріне жатады. Оның үйінен респираторлар, грамдық таразылар, өлшеуіш колбалар мен синтетикалық есірткіні дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.
– Қазіргі уақытта күдікті қамауда. ҚР Қылмыстық кодексінің (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.