Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға арналған консультативтік орталықтар еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» атты әлеуметтік жобаны «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ іске асырады.
«Біздің жобамыздың негізгі мақсаты – қазақстандықтарға өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмек көрсетуге бағытталған отбасын қолдау орталықтарына жүгіну мәдениетін қалыптастыру. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда» «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ төрайымы Зульфия Байсакова
Оның айтуынша, жоба аясында заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді. Мамандар, сондай-ақ, отбасының жағдайын зерттеп, оларға қиын жағдайдан шығудың нақты жұмыс жоспарын құрады. Мұнда отбасылар білікті кеңес пен қолдау алып қана қоймай, әртүрлі бағыттар бойынша оқыту курстарынан өте алады.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан қазақстандықтар алған білімін болашақта мамандандырмақ. Бүгінгі таңда орталықтарда тырнақ дизайны, пішу және тігу, балаларға арналған массаж, СММ-ілгерілету, қаржылық сауаттылық курстары барынша сұранысқа ие. Сонымен қатар, орталықтарда азаматтар жеке бизнес бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік гранттарға жобаларды ұсынуды үйренеді.
Әлеуметтік жоба басталғаннан бері еліміздің 1,5 мыңнан астам тұрғыны кеңес алу мақсатында бірқатар өңірде келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан ашылған отбасын қолдау орталықтарының көмегіне жүгінген:
- Нұр-Сұлтан қ-сы: Бейбітшілік, 14;
- Алматы қ-сы: Зенков, 15;
- Шымкент қ-сы: Перов, 19;
- Ақтау қ-сы: «Сұңқар» бизнес орталығы, 635 кеңсе;
- Ақтөбе қ-сы: Тәуелсіздік, 13, 3 корпус; нп 2;
- Жезқазған қ-сы: Шевченко, 38-17;
- Көкшетау қ-сы: Ақан сері, 115;
- Қостанай қ-сы: 5 сәуір 67, 3 кіреберіс;
- Қызылорда қ-сы: Скатков, 30;
- Орал қ-сы: Ғ. Қараш, 29;
- Өскемен қ-сы: Шевченко, 5;
- Петропавл қ-сы: Интернациональная, 48, 38 пәтер;
- Семей қ-сы: Абай, 86, 4 кабинет;
- Талдықорған қ-сы: Желтоқсан, 222;
- Теміртау қ-сы: Брусиловский, 59.