Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы

1197

А.ж. 25 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы» атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараға Орталық сайлау комиссиясының өкілдері, шетел елшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар қатысты.

«1995 жылғы Конституция жас Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізін қалап, оның алдағы маңызды жетістіктерін алдын ала белгіледі. Өз кезегінде, жүргізіліп жатқан конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның табысты құрылысы үшін жағдай жасауға арналған» Бақытжан Темірболат, Кітапханасының директоры

«Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы туралы сөз қозғағанда, Ата Заңымыздың бастауында тұрған Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Ғайрат Сапарғалиев сынды қазақтың көрнекті заңгер ғалымдарының есімдерін еске алмасқа болмайды. Дәл осылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша егемен Қазақстан Конституциясының негізгі ережелері мен қағидаттарын тұжырымдады» Қуаныш Сұлтанов, мемлекет және қоғам қайраткері

«Қазақстан халқы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев бастаған саяси реформаларды қолдады. Енді бізге жаһандық демократиялық қайта құрудың күрделі жолынан өту керек. Бүкіл отандық заңнаманы жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру республиканың мықты Парламенті бар президенттік басқару нысанына көшуін бекітуге, саяси институттардың жұмыс істеуінің тиімді үлгісін жасауға, билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды арттыруға көмектеседі» Ермек Әбдiрәсiлов, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі

«Бүгінгі көрменің баршамызға, әсіресе өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор. Ол Қазақстан Конституциясының құрылуы мен дамуы призмасы арқылы мемлекеттігіміздің 30 жылдан астам тарихын көрсетеді» Венера Жексембекова, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бас кеңесші

Көрме 3 бөлімнен тұрады.

  1. «Ұлы даланың ұлағатты заңдары» бөлімінде дала демократиясының алғашқы құқықтық заңдары туралы материалдар ұсынылды. Қазақ қоғамының маңызды заңдары: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің «Жеті жарғысы», Ш. Уәлихановтың «Сот реформалары туралы жазбалар» атты еңбегі, А. Құнанбаевтың «Қарамола ережесі», Алашорда үкіметінің саяси бағдарламасы туралы мәлімет беретін кітап басылымдары бөлімнің мазмұнын ашады.
  2. «Конституция – тәуелсіздік тірегі» бөлімінде Елбасы кітапханасы жинағынан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңді бейнелейтін мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер ұсынылады.
  3. «Қазақстан Республикасы Конституциясының эволюциялық дамуы» бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының қазіргі заманғы даму кезеңдері туралы құжаттар, 2022 жылғы 5 маусымда өткен Республикалық референдумның материалдары алғаш рет жүйеленген түрде ұсынылатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -