ҚазҰУ ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

1153

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын үлкен ыждағатпен тыңдады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Университет басшылығы, оқытушы-профессорлар қауымы мен білім алушы жастар Президент жолдауына кампустың үш нүктесінен және 16 факультеттің мәжіліс залдарынан бір мезгілде назар салып, онда айтылған саяси реформалардың жаңа бағдарламасын бірауыздан қолдады.

Университет ұжымы алда әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығына ден қойды. Жолдауда Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған негізгі міндеттер толығымен қамтылғанын атап өтті.

Білім сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлінеді. «Сондықтан мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100 пайызға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр.

Оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», – деді Президент.

ҚазҰУ ұжымы Президент жолдауының университет қызметі негізіне алынатынын және айрықша міндет – берекелі бірлікті сақтау екенін айта келе, оны жүзеге асыруға белсене атсалысатынын тұжырымдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -